Бірінші сыныпқа қабылдау » Нуркент ауылындағы Пенжім орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Пенжім орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 48-2-31
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
июль
2023

Бірінші сыныпқа қабылдау

Құрметті жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндердің ата-аналары   және олардың заңды өкілдері! 

Оқу-ағарту министрлігі 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң, яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді.

Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Egov.kz  электронды үкімет порталы және  облыстық E-zhetysu.kz  электронды қызмет көрсету жүйесі арқылы тапсыруға болады. 

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Ол үшін баланың денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосуреті қажет. 

Жалпы бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталған, 4 айда аудан бойынша  2190 өтініш түскен. Олардың  75 пайызы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдап отыр. Алдын ала болжам бойынша жаңа оқу жылында ауданда 2758 бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде.