Токтарбекова Гульназ Кусмановна » Нуркент ауылындағы Пенжім орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Пенжім орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 48-2-31
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2022

Токтарбекова Гульназ Кусмановна

ӨМІРБАЯН
Мен, Токтарбекова Гульназ Кусмановна, 03 тамызда 1979 жылы, Шығыз Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келдім. 1985 жылы Ақмектеп орта мектебіне түстім. Орта мектепті 1996 жылы Үздікке бітірдім. 
1998 жылы Алматы политехникалық колледжін үздік бітіріп, техник-технолог мамандығын иелендім. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне түсіп, 2003 жылы аталған университетті биология психология мамандығы бойынша үздік бітіріп шықтым. Биология психологияның оқытушысы деген біліктілікті иелендім. (ЖБ 0052370)
Сотталмағанмын. 
2005 жылы Алматы қаласында Акышов Жайықпен тұрмыс құрдым. Үш балам бар. 
Әкем Токтарбекова Құсман 1951 жылы  дүниеге келген, жоғары білімді, мектепте директор болып қызмет атқарған. Сотталмаған.
Анам Қыдырмолданова Қатия 1951 жылы дүниеге келген, арнаулы орта білімді. Мектепте қызмет атқарған. Сотталмаған.
2005 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде биология магистірі біліктілігі мен академиялық дәрежесін иемдендім. 
2003-2004 жылдары Алматы қаласы № 157 орта мектепте биология пәнінен сабақ бердім. 
2004 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде аға лаборант қызметін атқардым. 
2005 жылы аталмыш университетке ассистент қызметіне ауыстым. 
2007 жылдан бастап осы университетте оқытушы қызметін атқардым. 
2010 жылдан 2012 оқу жылына дейін қосымша Алматы авто-жол колледжінде өзін-өзі тану пәнінен сабақ бердім. 
2012 оқу жылынан бастап «Пенжім орта мектебі» КММ биология пәні мұғалімі болып орналастым.
2016 оқу жылынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметіне ауыстым.
229.08.2018 жылдан бастап «Пенжім орта мектебі» КММ директоры болып тағайындалдым. 
Қосымша біліктілік санат бойынша 
Алматы авто-жол колледжінде 2011ж 01 маусымдағы № K14-11/2 бұйрығымен ІІ санаты жоғары деңгейлі каваликациялы маман, жалпы білім беру пәндері оқытушысы біліктілік санаты берілді. 
«Пенжім орта мектебі» КММ 2013 жылы  бірінші санатқа ие болдым
«Пенжім орта мектебі» КММ 2018 жылы жоғары санатқа ие болдым
«Пенжім орта мектебі» КММ 2020 жылы педагог-зерттеуші біліктілік санатын алдым.
Қосымша курс оқу бойынша 
1) Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқыту әдістемесі бойынша 38 сағатық курс өтіп, сертификат алдым. № 0159651.
2) 2011 жыл 13 қыркүйек пен 01 қазан аралығында «Жоғары оқу орны мен жалпы білім беретін мектепте оқытудың қазіргі технологияларын қолдандым» бағдарламасы бойынша 36 сағат көлемінде біліктілікті жетілдіру курсын тәмамдадым. 
3) 2011 жыл 3-15 маусым аралығында 36 сағат көлемінде «Білім беру үрдісіне Windows XP және Microsoft office 2007 қосымшаларын кеңейтіп оқыту және қолдану бағдарламасы бойынша біліктілігін жетілдіру курсынан өттім. 
4) 2012 жыл 15-21 ақпан аралығында 36 сағат көлемінде «ЖОО-да оқытудың интербелсенді әдістемесін қолдану» бағдарламасы бойынша біліктілікті жетілдіру курсынан өттім. 
5) 2013 жыл (15.03.2013ж) «Биология сабағында зерттеу іс-әрекетінің технологиясын пайдалану» 36 сағат Өрлеу БАҰО. Алматы облысы.
6)  2016   жылы 31.10-11.11. аралығында   «Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» (80 сағат) АО «НЦПК» Өрлеу.
7) 2015 жыл І ілгері деңгей бағдарламасы бойынша курс. ПШО Талдықорған 18 мамыр 2015.
8) 2017 жыл «Тәжірибедегі рефлекция» Назарбаев зияткерлік мектептері 04 тамыз 2017.
9) 2015 жылы білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың                                    ғылыми – әдіснамалық курс негіздері 72 сағат. 25.09.2015 жылы тіркеу номері 0127859 
10) 2018 жыл жаратылыстану пәндері бойынша педагогикалық кадрлаудың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат Өрлеу БАҰО 11 мамыр 11)2018ж. БЖ № 003471. 
12) 2016ж І дәрежелі диплом. Интернет байқау. Шығармашыл ұстаз.
13) 2017 ж Сертификат «Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында мектеп пен ЖОО ынтымақтастығын нығайту» оқу семинары. Алматы қ.
14) 2018 ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Биология» және «жаратылыстану» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы 80 сағ. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
15) 2019 ж Сертификат «Экзистенциялық коммуникация – адамды ұлы мәнге жетелеуші» тақырыбында семинарға қатысқаны үшін. Абай атындағы ҚазҰПУ
16) 2021 ж. Сертификат. «Қашықтан басқару, білім беруді цифрландыру жағдайында оқу үдерісін тиімді басқару және конструктивті жоспарлаудың негізі ретінде» 80 сағ. өрлеу
17) 2021ж. Сертификат. «Өзін-өзі таану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері. 36 сағ. Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты. 
Мақалалар
1) 2017ж «Әдістемелік қызмет үдерісін жетілдіру» жинағы. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігі. Талдықорған. 
2) 2017ж География, биология және экология орта мектепте. «Кайнозой мен мезозойдағы тіршілік» 9-сынып сабақ жоспары. 
3) 2018ж орта білім мазмұнын жаңарту аясында нәтижеге бағытталған жоспарлау. Әдістемелік жинақ. Өрлеу ҰБАО АҚФ АОБПҚБАИ
4) 2019ж Оқу жоспарының вариативті бөлігін іске асыру – түлектердің табысты әлеуметтану факторы (авторлық бағдарламалар жинағы) 2019 Алматы қ Өрлеу БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ
2018 жыл. ІІІ дәрежелі диплом. Облыстық пән олимпиадасы. 10- сынып оқушысы Ербосын Ж. талдықорған қаласы.