"Пенжім орта мектебі" КММ Жетекші мектеп жоспары 2021-2022 оқу жылы » Нуркент ауылындағы Пенжім орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Пенжім орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 48-2-31
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Пенжім орта мектебі" КММ Жетекші мектеп жоспары 2021-2022 оқу жылы
01
сентябрь
2021

"Пенжім орта мектебі" КММ Жетекші мектеп жоспары 2021-2022 оқу жылы

КЕЛІСЕМІН                                                                                                                                                  БЕКІТЕМІН                                                                                                                                                                         

Аудандық білім бөлімінің әдіскері                                                                                                             Мектеп директоры 

Медетбекова Г.Т                                                                                                                                          Г.К Токтарбекова 

_____________                                                                                                                                                     _______________

«_____» _______ 2021 жыл                                                                                                                                                   «_____» _______ 2021 жыл




«Пенжім орта мектебі» жетекші мектебі

Серіктес мектептер: 

  1. «Елтінді батыр атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  2. “Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  3. «Крылов атындағы орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің серіктес мектептермен 

жүргізетін  жұмыс жоспары


2021-2022  оқу жылы


Түсінік хат


«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  оқу жылы басында   Қорғас орта мектебі, Елтінді батыр, Крылов атындағы орта мектептерінің мұғалімдерімен қоғамдастық құрды. «Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  тірек мектебі болып саналады.


Бұл қоғамдастықтың құрылу мақсаты:  Жетекші мектептегі жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу тәжірибесіндегі ерекшеліктер мен қалыптасқан дағдыларды тәжірибе арқылы бірлесіп бөлісу және НЗМ тәжірибесін таратуға мектептердің ынтымақтастығы арқылы кездескен қиындықтардың шешу жолдарына әдістемелер жинақтау.


Қоғамдастық мүшелері: Серіктес мектептердің директорлары, оқу ісінің меңгерушілері, мектеп тренерлері,  мектеп үйлестірушілері, көшбасшы мұғалімдер, «Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  фокус топ мүшелері мен пән мұғалімдері.

Қоғамдастық жұмысының жүру бағыты: кәсіби әнгіме, үйрету, оқыту семинарлары, коучинг, тәлімгерлік үдеріс, LS  үдерісі т.б.


 Мақсаты-Қазақстан Республикасында жаңартылған орта білім мазмұнын енгізу бойынша мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының қызметтеріне және НЗМ-і тәжірибесін таратуға ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдайлар жасау болып табылады.


Міндеттері:

Қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым- қатынас құру;

Қауымдастық ішінде жағымды ахуалды қалыптастыру;

Қауымдастықтың ережесін жасау;

Желілік қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту,

Ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау,

Мұғалімнің кісіби қызметіне көмек көрсету; педагогтердің ақпарат алмасуына жағдай жасау,

Мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу.

Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Желілік қоғамдастықтың әрбір мүшесіне қолжетімді деңгейдегі біртұтас  ақпараттық педагогикалық ресурс калыптастыру.

Жетекші мектеп пен серіктес мектептердің ақпарат алу және кері байланыс алу құралы: электронды почта, он-лайн конференция, скайп,ZOOM , Wats App, Телеграмм мессенджерлері  т.б



Жетекші мектептің функиялары:

  • Ұйымдастыру-әдістемелік.
  • Зерттеушілік.
  • Оқу-әдістемелік.
  • Диагностикалау-талдама жасау.
  • Акпараттандыру-таратушылық.


Күтілетін нәтиже:

  • Мұғалімдер үнемі ізденісте болып,үздіксіз кәсіби дамиды
  • Мұғалімдерге әдістемелік көмек беріледі;
  • Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне өзгеріс енеді
  • Мұғалімдер ынтымақтаса бірлесе жұмыс жасай алады.
  • Бірлескен жұмыс нәтижесін көре алады
  • Іс-әрекеттегі зерттеулер нәтижесін көреді
  • Критериалды бағалау жүйесін (ҚБ, БЖБ, ТЖБ) шынайы, сеніммен қолдана алады, модерация жұмысын жауапкершілікпен атқарады
  • Мектеп бойынша сыныптағы, оқушыдағы, мұғалімдегі өзгерісті көре алады
  • Мектептер арасында ынтымақтасқан орта қалыптасады, жаңашыл, шебер мұғалімдер саны артады
  • Ауданның білім сапасының нәтижесіне ықпалы болады



Жетекші мектептің өзекті мәселесі: Оқу мен оқыту процесін жақсартудағы мұғалімдердің зерттеу жүргізу дағдыларын дамыту


Мақсаты:  Жаңартылған білім мазмұнын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, мұғалімдердің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын  қалыптастырудың тиімді  жолдарын  іздестіру. 


Күтілетін нәтиже:

-зерттеу басымдылықтарын анықтайды;

-мақсаты мен міндеттерін айқындайды;

-болжамын  жоспарлайды; 

-әдістерді іріктейді; 

-дереккөздерді жинайды;

-ресурстарды сұрыптайды; 

-жоспар құрайды; 

-зерттеу сабақтарын өткізеді;

- деректерді жинайды, өңдейді, талдайды;

-қорытынды пікір мен нәтижеге қол жеткізеді;

- мониторингілейді.




Атқарылатын  жұмыс түрі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мерзімі

Жауапты

Ұйымдастыру кезеңі

1

Ұйымдастыру  кезеңі.

Серіктес мектеп жөнінде ақпарат жинау: 

Серіктес мектептер  жөнінде  мәлімет жинау, серіктес мектептердің мықты, әлсіз жақтарын анықтау, мүмкіндік пен қауіпті анықтау.

     Серіктес мектептерден сандық, сапалық деректер жиналады;

        Серіктес мектептердің басымдықтары анықталады.


Қыркүйек


Серіктес мектеп модераторлары

2

SWOT талдау жасау.

Серіктес мектептердің мықты, әлсіз жақтарын , мүмкіндік пен қауіпті, басымдықтарын анықтау.

Серіктес мектептердің басымдықтары анықталады. 

Жыл басында

Жетекші мектеп үйлестірушісі

3

 «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін тарату бойынша іс щара жоспарын  ескере отырып, жоспарланған шараларға серіктес  мектептің көшбасшыларын қатыстыру.

Тәжірибе алмасу

Тәжірибе алмасады

Жоспар бойынша

Жетекші мектеп директоры, модераторы.

4

Мұғалімдер үшін және мектеп басшыларына  арналған сауалнама өткізу

Серіктес мектептердің басымдылықтарын , өзекті мәселесін  анықтау. 

Серіктес мектептердің басымдықтары, өзекті мәселесі   анықталады; 

Жыл басында

Жетекші және серіктес мектептің басшылары,  модераторлары

5

2021-2022 оқу жылында Білімінде олқылықтары бар оқушылармен жұмыс жоспары бойынша  жұмыс жоспарымен таныстыруғ іс тәжірибемен бөлісу.  

Серіктес мектептермен олқылықтармен жұмыс бойынша  тәжірибе алмасу, ортақ тәжірибе алаңын құру  

Тәжірибе алмасады,ортақ тәжірибе алаңы құрылады 

Қыркүйек 

Панфилов аудандық 

Жетекші мектеп үйлестірушісі

Сагимбаева А.С 

Далибаев К.К 

Серіктес мектеп үйлестірушілері 

Исламова А.Т 


        Жетекші мектепке бірікккен серіктес мектептердің 

Педагог мамандарымен  жұмыс

1

Сауалнама нәтижесін саралау

Серіктес мектептердің басымдылықтарын анықтау, іс –әрекеттегі зерттеу проблемасын туындату

Серіктес мектептердің басымдылықтары анықталады, іс –әрекеттегі зерттеу проблемасы туындайды

қыркүйек

Жетекші және серіктес мектептің басшылары,  модераторлары

2

«Сабақты зерттеу – педагогтардың  кәсіби шеберлігін дамыту  жолы» әдістемелік  оқыту  семинары.

Сабақты зерттеу тәсілдерін іске асыру дағдыларын дамытуға көмектесу

       Сабақты зерттеу тәсілдерін іске асыру дағдыларын дамиды

қазан

Жетекші  мектеп үйлестірушісі, модератары

3

Кәсіби әнгіме  «Іс-әрекеттегі зерттеу және оның тәсілдері мен жолдары». 

Іс-әрекеттегі зерттеу және оның тәсілдері мен жолдарын түсіндіру

    Іс-әрекеттегі зерттеу және оның тәсілдері мен жолдары туралы мағлұмат  алады, іс тәжірибе алмасады.

Қазан

Жетекші мектеп үйлестірушісі, модераторы.

4

 «Lesson study» -іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше тәсілі».  

Коучинг.

Lesson study» -іс-әрекеттегі зерттеу тәсілі , оның жүргізілу қадамдары туралы түсінік қалыптастырады. 

         Тәжірибе бөлісу;

         Мұғалімдердің кәсіби    құзыреттілігі артады;

қараша

Жетекші мектеп модераторы.

5

Серіктес мектеп мұғалімдерін «Lesson study» зерттеу сабақтарына шақыру, сабаққа қатыстыру

Зерттеу сабақтарына қатысу, талдау, тәжірибе алмасу

  Зерттеу сабақтарына қатысады, сабақтарды талдап, тәжірибе алмасады

 қараша

Жетекші мектеп үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 

6

Серіктес мектеп мұғалімдері арасында сабақты зерттеу тобының №1 отырысы


Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесіндегі кедергілер және оны шешу жолдары туралы талқылау, өзара іс- тәжірибе алмасу.


Сабақты зерттеу тобы құрылады.

Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесіндегі кедергілер және оны шешу жолдары туралы талқылау жасайды,өзара  тәжірибе алмасады.

Қараша

Жетекші және серктес мектептер  үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 

7

«Lesson Study» зерттеу сабақтары. (2- ші айналым)

Сабақтарды зерттеу арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Мұғалімдер зерттеу сабақтарына қатысады, сабақтарды талдап, тәжірибе алмасады,кәсіби шеберлігі өседі.

Желтоқсан

Жетекші мектеп үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 

8

Серіктес мектеп мұғалімдері арасында сабақты зерттеу тобының №2отырысы


Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесіндегі кедергілер және оны шешу жолдары туралы талқылау, өзара іс- тәжірибе алмасу.


Сабақты зерттеу тобы құрылады.

Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесіндегі кедергілер және оны шешу жолдары туралы талқылау жасайды,өзара  тәжірибе алмасады.

Желтоқсан

Жетекші және серктес мектептер    үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 

9

Серіктес мектептердің «Lesson Study» зерттеу сабақтарының 

2- ші айналымы ашық сабақтар.

Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесі бойынша  өзара іс-тәжірибе алмасу.

Мұғалімдер зерттеу сабақтарына қатысады, сабақтарды талдап, тәжірибе алмасады,кәсіби шеберлігі өседі.

Желтоқсан

«Крылов атындағы орта мектеп» КММ

10


І жартыжылдық жұмысты қорытындылау.

1 жартыжылдық жұмысын қорытындылау,ІІ жартыжылдық жұмысты талқылау.

   1 жартыжылдық жұмысы қорытындыланады, ІІ жартыжылдық жұмыс жоспары талқыланады.

Қаңтар

Жетекші мектеп үйлестірушісі, модераторы.

11

Жетекші мектеп пен серіктес мектептер семинарларын өтізуге қолдау көрсету

НИШ мұғалімдерімен кездесу, тәжірибе алмасу.

Семинарлардың сапалы өтуіне қолдау көрсету, семинарды үйымдастырушыларға  оның мазмұны туралы кеңес беру. 

Жетекші мектеп және оған серіктес мектептер жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді қолдау мақсатында әртүрлі тақырыпта семинарлар өткізеді. Тренерлер семинарлардың сапалы өтуіне қолдау көрсетеді. Семинарды үйымдастырушыларға мазмұнын туралы кеңес береді.

Кестеге сай

Жетекші мектеп үйлестірушісі, модераторы.

12

Үйлестіруші отырыстары: Сабақты зерттеу әдісін енгізудегі кедергілер мен оны шешу жолдары

Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесі бойынша тәжірибелерімен бөлісу. 

Мектеп үйлестірушілері өз мектептерінде сабақты зерттеу әдісін енгізу процесі бойынша тәжірибелерімен бөліседі

қаңтар, мамыр

Жетекші ,серіктес мектептердің үйлестірушілері.

13

«Lesson Study» зерттеу сабақтары. (3- ші айналым)

Сабақтарды зерттеу арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.

Мұғалімдер зерттеу сабақтарына қатысады, сабақтарды талдап, тәжірибе алмасады,кәсіби шеберлігі өседі.

Наурыз

Жетекші мектеп үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 

14

Серіктес мектептердің «Lesson Study» зерттеу сабақтарының 

3- ші айналымы ашық сабақтар.

Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесі бойынша  өзара іс-тәжірибе алмасу.

Мұғалімдер зерттеу сабақтарына қатысады, сабақтарды талдап, тәжірибе алмасады,кәсіби шеберлігі өседі.

Наурыз

«Елтінді батыр атындағы орта мектебі» КММ, “Қорғас орта мектебі» КММ

Қорытынды кезеңі


1

Серіктес мектеп мұғалімдері арасында сабақты зерттеу тобының №3 отырысы


Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесіндегі кедергілер және оны шешу жолдары туралы талқылау, өзара іс- тәжірибе алмасу.


Сабақты зерттеу тобы құрылады.

Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесіндегі кедергілер және оны шешу жолдары туралы талқылау жасайды,өзара  тәжірибе алмасады.

Сәуір

Жетекші және серктес мектептер    үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 

2

БАҚ-ына  мақалалар жіберу

Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесіндегі жетістіктер, өткізу барысы туралы баяндау. 

Сабақты зерттеу әдісін енгізу процесіндегі жетістіктері, өткізу барысы бойынша іс-әрекеттері баяндалады.

Мамыр

Жетекші және серктес мектептер    үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 

3

Үйлестірушілердің қорытынды отырысы


Жетекші мектеп аясында жүргізілген жұмыстарын қорытындылау, келесі оқу жылына қатысты бағыттарды айқындау

Жетекші мектеп аясында жүргізілген жұмыстары қорытындыланады, келесі оқу жылына қатысты бағыттарды айқындалады. 

Мамыр

Жетекші және серіктес мектептер    үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 

4

SWOT талдау жасау.

Жетекші, серіктес мектептердің  жыл бойы атқарылған жұмыстарының мықты, әлсіз жақтары , мүмкіндік пен қауіпті тұстарын, басымдықтарын анықтау.

 Жетекші, серіктес мектептердің  жыл бойы атқарылған жұмыстарының мықты, әлсіз жақтары , мүмкіндік пен қауіпті тұстарын, басымдықтары анықталады

мамыр

Жетекші және серіктес мектептер    үйлестірушісі, модераторы, пән мұғалімдер. 






Серіктес мектептердің үйлестірушілері 

Келісемін:

  1. «Елтінді батыр атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің үйлестірушісі       Исламова Асия Толымхановна _________ 
  2. “Қорғас орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің үйлестірушісі    Досыбаева Лаура Абешовна _______________
  3. «Крылов атындағы орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Чежимбаева Алия Сайлаубаевна _____________