2021-2022 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ІV тоқсан, жылдық қорытындысы » Нуркент ауылындағы Пенжім орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Пенжім орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 48-2-31
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ІV тоқсан, жылдық қорытындысы
26
май
2022

2021-2022 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ІV тоқсан, жылдық қорытындысы

«Пенжім орта мектебі» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

2021-2022 оқу жылында

білім алушылардың біліміндегі 

олқылықтардың орнын толықтыру 

жұмыстарын ІV тоқсан, жылдық

  қорытындысы  бойынша 

                                               анықтама


Ағымдағы оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын жүргізуде 2021-2022 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «31» тамыздағы №444 бұйрығына қосымшаны негізге ала отырып, ағымдағы оқу жылында білім алушылардың біліміндегі  олқылықтардың орнын  толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін негізгі критерийлерді негізге ала отырып жүргізу керек. 

Критерийлер төмендегідей: 

1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша  білік пен оқу-танымдық қызмет дағдыларының қалыптаспауы; 

2) білім алушы оқу тапсырмаларын орындай алмайды немесе орындауға қиналады;

3) табысты оқыту үшін қажетті жеке қасиеттердің даму деңгейінің жеткіліксіздігі, дербестік, ұйымшылдық көріністері;

4) білім алушының білім олқылықтарына байланысты эмоциялық жайсыздығы.


  1. Педагог: 

1) білім алушылардың қиындықтарын, оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтайды; 

2) жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделейді; 

3) сараланған тапсырмаларды таңдай отырып, білім алушылармен жұмыс жүргізеді;

4) тұрақты кері байланыс жүргізеді;


1. Педагогикалық ұжым (әдістемелік бірлестіктер) іске асырады: 

1) педагогтердің сабақтарды бірлесіп жоспарлауы, олқылықтарды есепке ала отырып, сабақта білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыру (оқу материалын қайталау, бекіту, олқылықтарды жою үшін оқу тапсырмаларын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу қызметін алгоритмдеу және т. б.); 

2) оқу қызметі барысында сүйемелдеу және кеңес  беру; 

3) сабақта психологиялық бейімделуді қамтамасыз ету;

4) оқу қызметін ынталандыру (көтермелеу, табыс жағдайларын жасау, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т. б.);

 5) білім алушылардың оқу қызметі мен жетістіктерінің мониторингі (білім алушылармен тұрақты сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауды жандандыру және т. б.); 

6) қосымша сабақтар және өзара көмекті ұйымдастыру; 

7) білім алушыларға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс


2. Педагогтарға арналған ұсыныстар: 

1) оқу мақсаттарын, өткен және ағымдағы оқу жылындағы сабақтардың тақырыптарын интеграциялау; 

2) өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне пәндер бойынша бөлу;      

3) жаңа тақырыпты/оқу мақсатын түсіндіргенге дейін оқу материалын қайталап шығу;

4) білім алушыларда қиындық тудырған тақырыптар бойынша сабақтар өткізу; 

5) күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша білім алушылармен жеке және топтық жұмыс жүргізу; 

6) формативті бағалау жүргізу кезінде өткен бағдарлама бойынша оқу тапсырмаларын енгізу.

Ағымдағы оқу жылында әдістемелік кеңес, әдістемелік пән бірлестік отырыстарында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толықтыру бойынша желтоқсан айының 

әр пән бірлестік отырыстарында, бастауыш сыныптарда математика, әдебиеттік оқу,дүниетану, жаратылыстану,қазақ тілі, 5-11 сыныптарда математика, алгебра, геометрия, физика, информатика,қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, география, биология, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, химия, шет тілі пәндерінен қаңтар  айының ІІ аптасында тақырыптар бойынша олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың  ішінен қиындық  тудырған тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтау арқылы пәннің оқу бағдарламасы бойынша жаңа оқу жылындағы тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес келмейтін өткен оқу жылдарының күрделі тақырыптары мен оқу мақсаттарын анықтау арқылы олқылықтармен жұмыс жоспарын әр тоқсанға бөлу негізінде жасалу қажет. Сәйкес келетін тақырыптар мен оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін қысқа мерзімді сабақ жоспарын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып әзірлеу. Жаңа тақырыптар мен оқу мақсаттарын меңгеру үшін өткен оқу жылдарындағы тақырыптар бойынша білімінде олқылығы бар оқушыларға алдын ала дайындалып келуге берілетін тапсырмалар әзірлеу.интеграциялау арқылы ҚМЖ кіріктіру арқылы қосымша сабақтар өтілді.  ІІІ қадам Жүзеге асыру және талдау жұмыстары бойынша  Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа  мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа  оқу мақсаттарына қол жеткізілді. .Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып,жаңа мақсаттарға қол жеткізу. Жаңа сабақтан бұрын оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып, жаңа мақсаттарға  қол жеткізу.

Каникул күндерінде кеңес беру арқылы білім алушылармен қысқы және көктемгі каникул кезеңдеріне олықылықтармен жұмыс жүргізу 11-17 қаңтарда қамтылмаған оқу мақсаттарына дайындық мақсатынад пән бірлестіктері бойынша қосымша сабақтар кестесі жасалынып бекітілді. Кестеге сәйкес оқушылар қосымша сабақтарға келуде.  

Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген   жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін әдістемелік бірлестікке талдау және талқылау, ІІІ тоқсан мониторингі жүргізу нәтижесінде  ІІІ тоқсанда қиындық тудырған оқу мақсаттарын иегруде қаңтар айында  өткізілген ӘПБ №4 отырысын негізге ала отырып, қиындық тудырған оқу мақсаттарын меңгеруде өтілген көктемгі каникул кезеңіндегі қосымша сабақтар кестесі бекітіліп, сол кестеге сәйкес білім алушылардың қажеттілігіне қарай қосымша сабақтар ұйымдастырылды. ІІІ тоқсанды қамту негізінде әр сабақтарда олқылықтармен жұмыс жоспарына сәйкес кіріктірілген сабақтар мен ұқсас оқу мақсаттарын игерту сабақ кезеңінде іске асырылды. /ҚМЖ бөлімінде ОЖ бойынша игерілетін оқу мақсаты мен тапсырмалар көрсетілді/  


Ұсыныс: 

  • 2021-2022 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы». Әдістемелік нұсқау хат. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы «31» тамыздағы №444 бұйрығына қосымшаны негізге ала отырып, ағымдағы оқу жылында білім алушылардың біліміндегі  олқылықтардың орнын  толықтыру жұмыстары 2-4,5-11 сыныптар аралығында математика, әдебиеттік оқу,дүниетану, жаратылыстану,қазақ тілі, 5-11 сыныптарда математика, алгебра, геометрия, физика, информатика,қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, география, биология, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, химия, шет тілі пәндерінен Жазғы мектеп кезеңінде  қиындық тұдырған оқу мақсаттарының жұмыс жоспарын іске асыру. 




Анықтама жазған:            ДОІЖО    Далибаев К.К