2022-2023 оқу жылы бойынша Оқу-әдістеме саласы бойынша SWOT талдау » Нуркент ауылындағы Пенжім орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Пенжім орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 48-2-31
Есепші бөлімі:
+7(72774) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылы бойынша Оқу-әдістеме саласы бойынша SWOT талдау
31
май
2023

2022-2023 оқу жылы бойынша Оқу-әдістеме саласы бойынша SWOT талдау

«Пенжім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының жылдық қорытындысы бойынша оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасарлардың атқарылған жұмыстары   Swot талдауы

Күшті жақтары: 

Әдістемелік жұмыстар бойынша рейтингі үздік педагогтердің анықталып жоғары нәтижелер көрсетуі 

-Мұғалімдердің     білімдерін жетілдіруі.

-8  мұғалім курстан өтуі. 1-педагог Педагогтердің аналитикалық құзіреттілік курсынан, 3-педагог Командалық жұмысты үйлестіру курсынан,1-педагог Сабақты зерттеу курсынан   өтуі;БЖБ, ТЖБ құру сараптау курсы бойынша-2 педагог өтуі. 

-Қабілетті оқушылармен жұмыстың нәтижесі бойынша аудандық  және облыстық  деңгейдегі сайыстардан жүлделі орын көрсетуі; 

-Педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы мұғалімдердің   іс-тәжірибелерімен  бөлісуі; 

-Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасындағы байланыс бірлескен жұмыс нәтижесі бойынша аймақтық  ашық есік күнінің өтілуі. Педагогтердің тәжірибелерін таратуы /5 педагог/ 

- Орыс тілі мен әдебиеті пәні педагогтерінің аудандық ашық есік күнінде өз тәжірибелерін аудан көлемінде таратуы. /3 педагог/ 

- Сабақты зерттеу курсы бойынша 19 педагог мектепішілік курсқа қатысуы. 

- Педагогтерді курстан кейінгі қолдау бойынша Мектепішілік куртың жүргізілуі. 

«Зерек», «Clever», жобаларының жүргізілуі.

Әлсіз жақтары: 

-Жас мамандардың     тәжірибесінің аздығынан кәсіби біліктілігінің әлсіздігі; 

- Көрнекілік құралдардың аздығы және пән кабинетінің  жүйелі жабдықталмауы;

-Пән бірлестік мұғалімдерінің пәндік құзыреттілік бойынша курстардан өтпеуі;

-Факультатив сабақтарының  нәтижесінің төмендігі; 

 -11-сынып бітірушілерінің ҰБТ-ден төмен нәтиже көрсетулері;  

-Оқушылардың облыстық пән олимпиадасына сайыстарда нәтижеге жетпеуі;

- Бұқаралық ақпарат құралдарына өткізілген іс шаралардың уақтылы жарияланбауы; 

- Kundelik ЭЖ педагогтердің уақытылы толтырылмауынан көрсеткіштердің төмендеуі; 


Мүмкіндіктері: 

-Оқушылармен қосымша жұмыс жүргізу үшін пән кабинеттерінің ыңғайлылығы, қолайлығы;

- Оқушылардың білім алуына қажетті электронды кітаптар, мектеп кітапханасы, қолжетімділігі;  

-Оқушылар мен мұғалімдердің білімдерін, шыңдайтын кәсіби байқаулар, білім сайыстары, олимпиадалардың сайыстарға көптеп қатысуы;

-Оқушылардың жаңашылдыққа, АКТ-ға құлшыныстарының өте жоғары болуы; 

-Мұғалімдердің кәсіби өсуіне, іс әрекеттегі зерттеумен айналысуына мектеп әкімшілігінің қолдау көрсетулері;



Қауіп-қатерлер: 

-Мұғалімдердің оқуды, ізденуді тоқтатуының салдарынан  кәсіби өсе алмауы, керісінше тоқырауға ұшырауы; 

-АКТ-дан білімдерінің әлсіздігі салдарынан оқушылардың сабаққа қызығушылығын оята алмауы; 

-Оқушыларға жеке-дара дұрыс  көңіл бөлмеуінен, зерттей алмауынан  олармен     қарым-қатынастың, байланыстың нашарлауы; 

-Оқушылардың алған білімдерін өмірінде қолдана алмауы.

Педагогтердің авторлық бағдарламаларының жарияланым жүргізілмеуі  


Swot талдауды дайындаған     Далибаев К.К